KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Өскеменде биыл 9 балабақша ашылады

30.01.2020, 09:35 158

Облыс орталығында қазіргі таңда балабақша жұмыс істейді. Алайда сол балабақшадан орын жетпегендіктен 7 мыңнан астам бала кезекте тұр.

Кезекте тұрған бүлдіршіндердің нақты саны – 7347. 1-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 73,6%-ға ғана қамтылған екен. Оның ішінде, 1-3 жас аралығындағы балалар — 40,7 %-ға,3-6 жас аралығындағы балалар — 99,9%-ға.

2019 жылы 355 орынға арналған төрт жаңа балабақша ашылған болатын.  Соның арқасында кезектегі балалардың саны 9817-ден 7347-ге қысқарып отыр.

Биыл қалада 1400 орынға арналған 9 балабақша ашу жоспарланған: Революционная, Өтепов, Көкжал Барақ және басқа да көшелерде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив