Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

30.01.2020, 08:19 33 0

ШҚО-ның тас жолдарының бірінде қар құрсауында қалып қойған жеңіл автокөліктің жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарма ауданының Төтенше жағдай қызметінің ақпараты бойынша, оқиға Шар-Әуезов кенті тас жолында болған.
Қалбатау ауылының өрт сөндіру бөліміне хабарласқан ер адам қиын жағдайға тап болғанын жеткізеді.

Көмекке шынжыр табанды тартқыш транспортермен құтқарушылар жіберілді. Олар жүргізушіні көлігімен бірге елді мекенге дейін жеткізіп салды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив