Өскемен
-10°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
462.36 493.48 5.99

ШҚО тұрғындары бизнесті онлайн тіркей алады

5.07.2022, 11:53 51 0 Мадина Амангелдіқызы

Тіркеуді шығынсыз әрі жедел ету үшін заңды тұлғаға ХҚО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеуге немесе таратуға қатысты қызметтер болса, осының барлығы eGov порталы арқылы жасалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Электрондық өтінішті толтыру жеткілікті. Бір күн ішінде тіркеушінің жеке кабинетіне мемлекеттік тіркеу туралы электронды анықтама немесе бас тарту түрінде жауап жіберіледі. Қажет болған жағдайда бизнесті тіркеу туралы куәлікті басып шығаруға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Меруерт Тарыбаеваның айтуынша, бизнесті тіркеу процедурасын жеделдету мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болды. Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжатпен келіп, тіркеуді алу үшін деректерді тексеруді 5 күнге дейін күтетін болса, бүгінгі күні электронды түрде барлық рәсім бір күннен аспайды және ешқандай құжат талап етпейді.

Сондай-ақ келесі қызметтер де электронды портал арқылы онлайн көрсетіледі:

-         шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін бастапқы тіркеу;

-         коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу;

-         заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату;

-         акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін өзгерту.

Заңды тұлғаның басшысын ауыстыру ең кең таралған және танымал қызмет болып табылады. Қазіргі уақытта eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның басшысын ауыстыру қызметі іске қосылды.

Айта кетейік, жыл басына бері мемлекеттік корпорациясы 2000-ға жуық заңды тұлға тіркеген.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив