KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ленин атында 24, Киров атында 10 көше бар – ШҚО

28.01.2020, 11:00 110

Шығыс Қазақстан облысындағы 791 көше мен 141 елді мекеннің атауын өзгерту керек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова мәлімдеді. Оның айтуынша, идеологиялық тұрғыда ескірген атауларды өзгертудің тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастырудағы маңызы зор.

– Облыс көлемінде 791 көше мен 141 әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы ескірген. Мәселен Ленин атында 24, Киров атында 10, Советская атты 35, Октябрская деген 14, Комсомольскаядан 11 көше бар. Сондай-ақ өткен жылы бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылғанын атап өту керек. 2020 жылы осы бағаттағы жұмыстардың қарқыны бәсеңдемейді, – деді Роза Әшімханқызы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив