KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде қараусыз қалған балалар өртеніп кете жаздады

28.01.2020, 08:00 155

Облыс орталығында қараусыз қалған балалар пәтерде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға Молдағұлова көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде тіркелген. Бөлмелердің бірінің есігі өртеніп кеткен. Анықталғандай, үйде жалғыз қалған балалар электр плиткасын қосқан екен. Ал плиткада күнбағыс майы құйылған ыдыс тұрған. Ол қызып, түтіндей бастайды. Қорқып кеткен балалар ыдыстың үстіне су құйып жібереді. Жалын одан бетер тұтанып, пәтерге тарала бастайды.

Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап, балаларды аман алып қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив