KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Трамвай тағы да рельстен шығып кетті - Өскемен (ВИДЕО)

28.01.2020, 04:24 120

Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 27 қаңтар түстен кейін Шәкәрім даңғылының бойында болған. Осыған байланысты өскемендіктер трамвай жолдарының сапасына наразылық білдіруде. Тіпті трамвайларды уақытша тоқтатып, жолдарын жөндеу керек деп отыр.

-        Трамвай жолдарын дереу түрде жөндеуден өткізу керек. Себебі бәрі ескі, - дейді тұрғын Қастер Қизатов.

Алайда, «Көлік» компаниясы трамвайдың рельстен шығуына жүргізуші кінәлі дейді.

-        Жүргізушінің тәжірибесі аз, жұмыс істеп жүргеніне небәрі екі ай болды. Дәл сол ауданда 5 км/сағ жылдамдықпен жүру керек және жүргізуші артқы вагонды бақылап отыру тиіс болатын. Алайда қателік жүргізушіден кетті, - дейді компания директоры Михаил Чайка.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив