KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Самар ауданына барды

7.10.2022, 17:19 208

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Самар ауданының Подгорное ауылына барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кету керек, аталмыш елді мекеннен Кеңес Одағының бірден үш батыры-Николай Яковлевич Фонов, Сергей Егорович Седнев және Иван Михайлович Яроцкий шыққан. Қазіргі күні батырлар туралы естеліктер, олардың наградалары мен фотосуреттері мектеп жанындағы мұражайда сақталған.

-        Подгорный мектебі қаладағы білім мекемелерінен кем түспейді. Онда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жақын арада физика мен лингафон кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Келесі жылы тоғыз бала бірінші сыныпқа барады, бұл жақсы көрсеткіш. Мен аудан әкімдігіне қажет болған жағдайда ауылға келетін жас мамандарға арналған үйлерді жөндеуді және салуды тапсырдым. Биыл мұнда үш маман жұмыс істеуге келді, - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар аймақ басшысы барлық қажетті жабдықтары бар фельдшерлік-амбулаториялық пункте де барды. Онда да жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив