KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2,5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚТУ-да жазғы инженерлік мектеп ашылды

5.07.2022, 09:46 204

«Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ-дың EKTU Educational Academy» жазғы инженерлік мектебі ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жоба аясында университет аймақ оқушыларының физика, математика, информатика пәндерін терең зерделеуін қамтамасыз етеді. Университеттік бағдарламалар сабақтастығы үшін жекелеген мектеп пәндерінің пәнаралық интеграциясы негізінде білім беру ортасы құрылып, оқушыларға тұжырымдамалық инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтарға бағытталған білім мен дағдыларды алуға және болашақ мамандықты таңдауға мүмкіндік ашылады.

Жоба ШҚО білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Басқарма басшысы Сайрангүл Ахметкаримқызы Жұмаділова болашақ техникалық мамандарды тәрбиелеуге қызығушылық танытуда.

71c567c4-208d-43a3-b39e-7e394ef1bea0.jpg

Жазғы инженерлік мектеп «Простор» экспедициялық кампусында, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан. 100-ден астам оқушы өз білімдерін кеңейтіп қана қоймай, жаңа оқу жылы басталар алдында демалып, күш-қуат жинап қайтады.

Жоспар бойынша 3 маусым өткізуді көзделген. Олар:

1-маусым 04.07.2022-15.07.2022 ж.

2-маусым 18.07.2022-29.07.2022 ж.

3-маусым 22.08.2022 - 26.08.2022 ж.

 «EKTU Educational Academy» - ауқымды әрі көп қырлы жоба. Жұмыс оқушылармен де, облыс мектептерінің мұғалімдерімен де жүргізіледі. ШҚТУ базасында желілік инженерлік мектеп ашылған сәттен бастап 200 - ге жуық педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Негізгі инженерлік дайындық факультетінің құрамында жұмыс істеді. Оларға әдістемелік көмек көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив