Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-ы арыз жазудан бас тартқан

Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Нұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Талқылаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жыл басынан бері полицияға 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен", - деді Шұғыла Тұрлыбек.
ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-ы арыз жазудан бас тартқан.
Бұған дейін Қазақстанда бір апта ішінде 2 мың 941 қылмыс жасалғаны хабарланған болатын. Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 9 кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 54 тонау, 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын "ізін суытпай" ашты.

Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиілей бастадыБір аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелдіШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шара өтіп жатырТұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылған – ӨскеменШҚО-да 2 411 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды