KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Боран және көктайғақ - 18 қаңтарда ауа райы қандай болады?

18.01.2020, 05:35 168

Бүгін Қазақстан аумағында қарлы боран соғып, жолдарда көктайғақ орнайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптиктер 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, ауыспалы циклон мен онымен байланысты атмсофералық бөліктердің әсерінен солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейе түседі. Оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауса, оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Республиканың кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында бүгін қарлы боран соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив