KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«300 келі балық». ШҚО-да браконьер ұсталды

16.01.2020, 09:34 175

Шығыс Қазақстан облысында үш жүз келіден астам балық артып келе жатқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тәртіп сақшылары Қалжыр-Күршім тасжолында «Toyota Carina» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көліктен түрлі тұқымды балықтар табылды. 28 жастағы жүргізушінің ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Оның айтуынша, балықтарды Күршім ауданындағы Шеңгелді ауылының маңында Зайсан көлінен аулаған.

- 306 келі балық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 815 182 теңгеге бағаланды, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив