KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін бес жерге бағдаршам орнатылады - Өскемен

14.01.2020, 04:25 258

Өскемен көшелеріне 30 жарықдиодты жаяу жүргіншілер жол белгісі орнатылады. Нақты қай көшеге қажет? Оны тұрғындар айтуы керек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

– Өткен жылы әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қай көшелерге көңіл бөлу керектігін сұрап білдік. Тиісінше 20 жарықдиодты және 14 жасанды жол кедергісін орнаттық. Бұл жылы сауалнама арқылы 30 жарықдиодты жол белгісін қоямыз, – деді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ тағы бес көшедегі жаяу жүргіншілер жолы мен бағдаршамдарға дыбыстық сигнализация және бес көшенің қиылысына бағдаршам нысандары орнатылады:

1. Пушкин кітапханасына қарама-қарсы
2. Орталық базар мен «Пассаж» сауда үйінің ортасына
3. Шәкәрім даңғылы мен Металлург көшесінің қиылысына
4. Менделеев және Егоров қиылысы
5. Грейдерная көшесі мен «Защита-Гавань» айналма жолының қиылысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив