KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді

7.10.2022, 10:54 259

Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы жерге төгілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 5 қазанда Өскемен-Рахман қайнары тасжолының 227-шақырымында, Қатонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылының маңында болған. Автоцистернасы бар КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы шамамен елу шаршы метр аумаққа жайылып кеткен.

"Күкірт қышқылын залалсыздандыру мақсатында аталған учаскеге 15 тонна әк төгілді. Енді департамент қызметкерлері жердің ластану деңгейін анықтау үшін оқиға орнына барып топырақ сынамасын алады. Ластану салдарын жою бойынша міндеттер күкірт қышқылын тасымалдаған "АМ Logistic" ЖШС-не жүктеледі", - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұл оқиғаның мән-жайын Қатонқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив