KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменде қар неге уақытында тазаланбайды?

31.12.2019, 16:25 153

Ағымдағы қыс мезгілі басталғалы бері Өскемен тұрғындары қардан тазартылмаған көшелер мен көктайғақты айтып, шағымданып жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көшелерді қардан тазартуға биыл бірнеше фактор кедергі келтіріп тұр екен. Қала басшылығының айтуынша, жиі қалың қар жауып қалуда, температура да тұрақсыз. Көшелерді коммуналдық мекемелер мен мердігер компаниялар тазалайды. Мердігерлер әр учаскені бір рет ғана күреп шығатын көрінеді.

Коммуналдық қызметкерлердің активінде 68 бірлік техника бар, бір мезгілде көшеге 40-қа жуық техника шығады. Жақында оларға 10 жаңа трактор қосылмақ.

Сондай-ақ, Өскеменде көктайғақ кезінде техникалық тұзды қолдануға болмайды екен: реагенттер еріген сумен бірге өзенге түседі, сол себепті заңмен тыйым салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив