KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Жаңа жылға орай әдемі безендірілген ғимараттар анықталды - Өскемен

30.12.2019, 12:02 100

Өскеменде Жаңа жылға орай әдемі безендірілген ғимараттар анықталды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

3-15 желтоқсан аралығында өткен байқау екі номинация бойынша марапатталды: «Үздік түнгі жарықтандыру», «Үздік жаңа жылдық безендіру».

Әкімдікте жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Кәсіпкерлер мен ұйым басшыларына шаһар басшысы Жақсылық Омар алғыс хаттар табыстады.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын – «ADAL» Өскемен автовокзалы;

2 орын - «МАЙ» ҚБ;

3 орын - «Юбилейный» кинотеатры.

Орта бизнес объектілері арасында:

1 орын – "AIT" жанар-жағар май құю станциясы;

2 орын – Ресто-бар «Garden Room»;

3 орын – Өтепов көшесіндегі «Doner» кафесі.

Мемлекеттік мекемелер арасында:

1 орын – № 46 орта мектеп;

2 орын – № 13 "Дария" балабақшасы;

3 орын - ШҚО бойынша экология департаментінің ғимараты.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив