Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

«Қазцинк» Ислам мәдениеті цифрлық музейін құруға көмектесуде

1.07.2022, 15:42 25 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясының бірі – «Қазцинк» кәсіпорны облыс орталығында орналасқан Ислам мәдениеті музейіндегі діни құнды жәдігерлерді цифрлық жүйеге көшіретін арнаулы жабдықтармен жасақтап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық Халифа Алтай мешітінің жанындағы Ислам мәдениеті музейі 2019 жылы құрылған болатын. Мұнда Қазақстандағы ислам дінінің пайда болу және даму тарихы барынша айқын көрініс тапқан. Дінге, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты жәдігерлер еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден жиналған. Жинаққа қасиетті орындардың түрлі макеттері, инсталляциялар, тарих және мәдениетпен байланысты көптеген заттар енгізілген. Музей қорларындағы бірегей әдебиеттер саны бір жарым мың кітаптан асады.

Ерекшелігі, аталмыш мұражай форматының елімізде баламасы жоқ. «Халифа Алтай» мешіті мәдени мұраны замандастарымызға әсіресе, жас буынға қолжетімді етіп, келешек ұрпақ үшін сақтау мақсатында мұндағы жинақты электронды форматқа көшіруді жөн деп тапқан. Бұл идеяға «Қазцинк» ЖШС қолдау көрсетіп, арнаулы техника, оның ішінде қуатты заманауи сканерлер, кәсіби фото және кеңсе техникасын сыйға тартты.

WhatsApp Image 2022-07-01 at 12.22.43.jpeg


– Біздің мұражайда келушілердің қызығушылығын тудыратын көптеген қызықты жәдігерлер бар. Дегенмен, мұндағы ең құнды дүниелер – діни кітаптар. Олардың ең көнелеріне 600 жыл болса, салыстырмалы түрде «жаңаларының» өзінің 200 жылдық тарихы бар. Біздің міндетіміз – осы баға жетпес жәдігерлерді сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, қазір 21 ғасыр, жастардың бәрі мұнда келіп, кітаптарды көріп, оқи бермейді. Ал бәрінің қолында заманауи мықты гаджеттер. Сол арқылы жастарымызға мұражайдың құндылықтарын насихаттау, жақын таныстыру үшін цифрлық технологияларды қолдану өте қолайлы. Сондықтан, осы ауқымды жобаны іске асыруды бастадық, қазірдің өзінде 23 кітапты сканерден өткізіп, электронды нұсқасын дайындадық, – деді ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.


Айта кетейік, «Қазцинк» облысымыздың бас мешітіне көптен бері белсенді қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

WhatsApp Image 2022-07-01 at 12.22.43 (2).jpeg


– Бүгінгі таңда мешіт тек діни рәсімдер өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен білімнің, руханияттың іргелі ошағына айналып отырғаны өте заңды құбылыс. Музей жәдігерлерін суреттен ғана емес, мұнда келіп, өз көзіңмен көрудің әсері мүлде бөлек. Ал Өскемен қаласында тұрмайтын, түрлі себептермен мұнда келу қиынға соғатын облыстың басқа да тұрғындары үшін тиімді шешім – жәдігерлерді ғаламтор кеңістігінде тамашалау. Өйткені, әлемді тану үдерісінің ешқандай шекарасы болмауы керек. Металлургтер ұсынған жабдықтар ондаған мың адамды шынайы ислам дінімен, оның өркендеу тарихымен, қазақстандық мәдениетпен таныстырады деп сенемін, – деді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.


Облыстық мешіт пен іргелі кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бірегей кітаптардың бір бөлігімен қазірдің өзінде қазақстандық электрондық ұлттық кітапхананың https://kazneb.kz/ сайтынан және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының электронды кітапханасының https://kitap.muftyat.kz/. порталы арқылы танысуға болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив