KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Құжат пен карта нөмірін WhatsApp арқылы жібермеңіздер – ІІМ

24.12.2019, 05:16 150

Ішкі Істер министрлігі құжат пен карта нөмірін WhatsApp арқылы жібермеуді сұрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір әлеуметтік желі арқылы жасалатын қылмыстардың саны артып келеді. Биылдың өзінде елімізде 7 мыңға жуық адам интернеттегі алаяқтықтың құрбаны болған.  Алаяқтықтың ең көп кездесетін түрі - тауарларды сатуға арналған жарнамаларды интернет-дүкендерде немесе ақысыз жарнамалық платформаларда орналастыру. Алаяқтар нарықтағы бағадан төмен баға ұсыну арқылы адамдарды құрығына түсіреді. Мысалы, тауарды сатып алғысы келген адам барлық соманы немесе оның жартысын картаға, көбінесе электрондық әмиянға жібереді.  Әрине, ешқандай тауар жеткізілмейді, сатушы да кенеттен ғайып болады.

Ұқсас қылмыстар қазір көптеп тіркелуде. Осыған орай, қауіпсіздікті күшейту мқсатында Министрлік WhatsApp арқылы жеке куәлік немесе несие карталарын жібермеуге шақырады.

- «WhatsApp арқылы жеке куәлік немесе несие карталарын жібермейтін адам жоқ шығар. Құжаттарды мүлде бұлай жіберуге болмайды», - деп ескертеді криминалдық полиция.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив