KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендегі жер үсті өткелдері қаңтарда халық игілігіне беріледі

24.12.2019, 03:45 137

Өскеменде салынып жатқан жер үсті өткелдерінің қашан қолданысқа берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Бұл туралы қала басшысы Жақсылық Омар мәлімдеді. Еске салай кетейік, қазіргі уақытта шаһарда екі көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Бірі – Халифа Алтай мештіне қарама-қарсы, екіншісі – Ольга Рыпакова атындағы жеңілатлетика орталығы орналасқан аумақта.

– Екі өткел де қаңтар айында халық игілігіне беріледі. Біреуі тіпті желтоқсан айында салынып бітуі мүмкін, – деді Жақсылық Омар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметіне сәйкес жоғарыда бірінші аталған нысанның құны – 157,249 миллион теңге. Оның ұзындығы – 47,6 метр, биіктігі – 4,8 метр. Ал ұзындығы 38,1 метр, биіктігі 6 метр болатын екінші нысан 183,281 миллион теңгеге салынады. Жер үсті өткелдері көк және сұр түсті болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив