KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Боран, тұман, көктайғақ – Бес облыста дауылды ескерту жарияланды

23.12.2019, 04:18 239

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазгидромет ақпараты бойынша, республиканың бірқатар аудандарында қар жауып, боран соғады екен.

Шығыс Қазақстанда алдағы тәуліктерде қалың қар жауып, кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында боран соғады деп күтілуде. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/ дейін күшейеді.

Қызылорда облысында 22-25 желтоқсан аралығында тұман түседі деген болжам бар.

Түркістан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады деп болжайды синоптиктер. Желдің күші 20 м/ с дейін жетуі ықтимал.

Ақмола облысында  боран соғып, тұман түседі. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив