Өскемен мен Семейдегі кезекші ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгереді

Өскемен және Семей қаласындағы кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың кесте өзгеріссіз қалады, яғни сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
ХҚО-ның басқа бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.
«Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады деп сенеміз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы арқылы да онлайн режимде алуға болатынын еске саламыз», - деп бөлісті «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кезекші ХҚО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар.
Кезекші ХҚО-тардың мекен-жайлары:
1. Өскемен қ., Белинский к-сі, 37а;
2. Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі 22.