KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

"Көпбалалы отбасыларға 6 пайыздық несие 4 пайызбен беріледі" – ШҚО

20.12.2019, 08:46 118

 

ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тағы да грант бөлінеді. Бұл туралы көпбалалы кәсіпкер әйелдермен кездесуде облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

– Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие. Қазір мұндай отбасыларға кәсіп бастауға зор мүмкіншілік бар. Біз облыстағы мұндай шаңырақтарға қосымша тағы да 500 миллион теңге грант бөлеміз. Осы жаңалықтан барлық көпбалалы және аз қамтылған отбасылар құлағдар болуы керек. Сондай-ақ аудан, қала әкімдеріне грантты көлденең көк аттылардан сақтап, әділ бөліп беруді тапсырамын, – деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, кәсіп бастауға дайын жобасы бар көпбалалы отбасыларға "Ақниет" бағдарламасы бойынша 6 пайыздық несие 4 пайызбен 8 жылға дейін беріледі.

– Үлкен кәсіп бастағыларыңыз келсе, жобаларыңызды ұсыныңыздар. Біздің экономистер көмектеседі. 6 пайыздық несиені 4 пайызға дейін түсіріп бере аламыз. Сегіз жылға дейін беріледі, – деді облыс әкімі.

Жиында айтылғандай, облыс аумағында 1892 отбасы пәтер кезегінде тұр. Биыл солардың 593-і қоныс тойын тойлайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив