KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да үш әуежай жаңартылады

19.12.2019, 18:03 108

Өскемен қаласы мен Үржар ауылындағы әуежайларды реконструкциялау бойынша жұмыстар 2021 жылы аяқталса, Зайсан әуежайындағы жұмыстар 2022 жылы бірақ басталмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы Шығыс Қазақстанда төрт әуежай бар екен. Семей әуежайын реконструкциялау жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында аяқталды. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен 10 миллиардтан астам қаражат бөлінген.

Облыстық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, Өскемен мен Үржар әуежайларын жаңғырту жұмыстары бойынша конкурстық процедуралар өткізіліп, мердігер мекемелер анықталған екен. Ал Зайсан әуежайындағы жұмыстар 2022 жылы басталып, 2024 жылы аяқталатын көрінеді. Сондай-ақ, болашақта Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында аэродром салу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив