KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Үлбі жағалауына демалыс аймағы салынады – Өскемен

6.10.2022, 17:42 112

Үлбі жағалауының Красин көшесімен тұстас бөлігі абаттандырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жоба бойынша төрт жолақты автомобиль жолы, велосипед жолы және демалыс аймағы салынады. Оған қоса шағын архитектуралық формалар орнатылмақ.

– Бұл жоба бірнеше жыл бұрын қаланың бас жоспарына енгізілген. Демалыс аймағымен бірге көлік жолы міндетті түрде салынады. Өйткені автомобильдер саны жыл санап артып келеді. Оған қоса бұл ауданда бірнеше жер үй салынып жатқанын да ескеруміз қажет. Жол кеңейсе, көлік кептелісі азайтынын біліп отырсыздар, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Мердігер ұйым қазір орынды дайындап жатыр. Негізгі жұмыстар келесі жылы атқарылатынын айта кетуіміз керек. Ал кесілген ағаштардың есесіне мамандар көшет отырғызылады деп сөз берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив