KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен мен Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау жүріп жатыр

19.12.2019, 04:02 226

Назарбаев зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы физика-математика бағытындағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында оқушыларды қабылдап жатыр.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында жүреді.

Өскемен қаласы бойынша: Қ. Сәтпаев даңғылы,53, тел: 8 (7232) 56-01-25, 56-08-43;

Семей қаласы бойынша: Қарағайлы ықшам ауданы, 1, тел: 8 (7222) 63-63-50.

Тестілеу 2020 жылы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының«Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив