KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Қарағайлының су жаңа үйлері - Даниал Ахметов семейліктерге пәтер кілттерін тапсырды

14.12.2019, 08:35 109

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әлихан Смайылов және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жаңа Қарағайлы шағын ауданында жас отбасыларға пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Алтайньюстің Семейдегі тілшісі.

​ ​ ​ ​ ​ - Шын жүректен сіздерді айтулы оқиғамен, жеке тұрғын үй алумен құттықтаймын.​ Жаңа үйде сіздерге жылы әрі жайлы болсын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар, - деді Әлихан Смайылов.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданғанын жеткізді. Атап айтқанда, олар көп балалы аналар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, халықтың әлеуметтік осал топтары мен бюджеттік сала қызметкерлері. Облыс басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылады.

​ ​ ​ ​ ​ Ағымдағы жылы облыста 112 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілді, бұл сегіз мыңнан астам пәтер. Оның ішінде 1493 пәтерлі 25 үй тапсырылды. Жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрғандар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қатарынан 2665 адам жаңа пәтерлерге кіреді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда. "7-20-25"," Бақытты отбасы", олардың аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар үшін жеңілдікті жағдайлар ұсынылады. Жыл басынан кезекте тұрғандар қатарынан 440 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив