KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Семейде жыл үздіктері марапатталды

13.12.2019, 11:54 109

Семейде жыл үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ресми деректерге сенсек, қалада 14-29 жас аралығында 85 406 тұрғын тіркелген. Бұл қала халқының 24,6%-ын құрайды.  Семейде Жастар жылы аясында «Жыл таңдауы - 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сыйлықтар 10 аталым бойынша беріледі. Олар:  

1. Жылдың жастар ұйымы;

2. Жас отбасы;

3. Жылдың үздік волонтері;

4. Жылдың жас спортшысы;

5. Ауылдың жас маманы;

6. Жылдың үздік студенті;

7. Жылдың жас журналисі;

8. Жылдың жас ғалымы;

9. Жылдың жас дәрігері;

10. Жылдың жас әскери қызметкері.

Аталмыш шараға шаһар басшысы Ермак Сәлімов қатысты. Жеңімпаздар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив