Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мостовой көшесінде жөндеу жұмыстары қайта жанданды – Өскемен

6.10.2022, 16:48 8 0 Оразай Жеңісұлы

Мостовой көшесінде жөндеу жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, Ғарыш және Мостовой көшелерінде орташа жөндеу өткен жылдың көктемінде басталып аяқсыз қалған: мердігер ұйым – «ДСУ-14» ЖШС төселген асфальттың сапасына қатысты талаптарға келіспей, жұмысты тоқтатып, ТҮКШ бөлімін сотқа берді.

– Сот талқылауы осы биыл тамыз айында аяқталды. ТҮКШ бөлімінің талаптары әділ деп танылды. Осылайша алдымен көлік анағұрлым көп қатынайтын Ғарыш көшесін жөндедік. Енді Мостовой көшесін жөндеуге кірістік. Жұмысты «KA-GRUPO» ЖШС орындап жатыр, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қазір мердігер ұйым учаскені фрезерлеп жатыр. Содан кейін екі қабат асфальт төселеді. Жолдың ені өзгеріссіз қалады. Жалпы, қала әкімі жөндеу жұмыстары таяу күндерде толық аяқталады деп сөз берді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив