KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өскемендегі «Алтай» мұз айдынына су жаңа 300 жұп коньки сатып алынды

11.12.2019, 06:08 182

Өскемендегі «Алтай» мұз айдыны ашылуға жақын. Бұл жылы су жаңа 300 жұп коньки сатып алынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаһардағы ең үлкен мұз айдыны 15 желтоқсан күні ашылады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Келушілерге ыстық шай ұсынатын буфет жұмыс істейді. 300 жұп жаңа коньки сатып алдық. Коньки тебу бағасы өзгерген жоқ, сол баяғы 500 теңге, – дейді «Алтайдың» директоры Ербол Қоңыратов.

Мұз айдыны апта бойы таңертеңгі 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады. Тек дүйсенбі күні 13.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айтпақшы, өз конькиіңізбен келсеңіз, кіру тегін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив