KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

10 желтоқсан. Жұлдыздар не дейді?

9.12.2019, 10:15 83

Тоқты

Жақындарыңызбен жүздесу үшін таптырмас күн. Сiз кез келген шараларға белсене қатысасыз. Бірақ күніңіз бірқалыпты өтеді.  Уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, алдымен маңызды шаруалардан бастаңыз.

Торпақ

Торпақтар бүгін көптен бері мазалап жүрген сұрағына шешiм табады. Жоспарлаған жұмыстарыңыздың бәрі сәтті аяқталады.  Өз ортаңызда абыройыңыз жоғарылайды.

Егіздер

Бүгін егiздер достарымен жақсы қарым-қатынаста болады. Егер де ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, ортаңызға жаңадан қызықты адамдар қосылады.

Шаян

Бүгін шаяндардың өмірінде өзгерiстер болады. Сондай-ақ өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиғалар болуы мүмкiн, дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Күн сiз үшiн сәттi өтедi.

Арыстан

Бүгін жұбайыңызға деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi.

Бикеш

Бүгін бикештердiң тәуекелге баратын iстерге араласпағаны жөн. Әңгiме тек ақша жөнiнде емес, барлық iске қатысты. Кез-келген iс сiзге соққы болып тиюi мүмкiн. Сүйген адамыңыздан романтиканы күтіңіз.

Таразы

Таразыларды бүгін достары мен әрiптестерi қуантуы мүмкiн. Сiз өзiңiздiң достарыңыздың қасында екенiңiздi сезiнбей жүрсiз, бiрақ оған назар аудармаңыз. Махаббат қызығына бөлену үшiн қолайлы кез.

Сарышаян

Сарышаяндар бүгін жұмыстан бас алмайды. Бірақ өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Бұл күн ерлi-зайыпты сарышаяндарға өте қолайлы. Егер де ата-анаңызбен арада кикiлжiң туса, бiрiншi қадамды өзіңіз жасасаңыз. Бүгін адамдармен қарым-қатынас жасағанда ашуға бой алдырмаңыз, өзімшілдікке салынбаңыз. Дауға араласпаған жөн.

Мерген

Бүгін отбасы құрған мергендер бiраз толғаныста болады. Жүйкеңiздi тоздырмағаныңыз абзал, бiрер күннен кейiн бәрi өз орнына келедi. Жаңа адамдармен танысасыз, әңгiме-дүкен құрасыз. Егерде сiз адамдармен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз, олар да сiзге оң көзбен қарайды.

Тауешкі

Бүгін тауешкiлер үшiн кездесулерге қолайлы күн. Өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Кешке достарыңызбен көңілді кеш өткізуді жоспарлаңыз.

Суқұйғыш

Күн барысында суқұйғыштардың қарым-қатынасында өзгерiстер орын алуы мүмкiн. Бәлкiм сiз өзiңiз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңызды үзiп, жаңа досыңызбен жаңа өмір бастауыңыз мүмкін.

Балықтар

Бүгін балықтардың сауда жасамағаны абзал. Себебі шығынға ұшырайсыз. Сондықтан үйде тыныққаныңыз дұрыс. Өткен жылға қорытынды жасаңыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив