KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

"Лениногорский каскад ГЭС" құбыры жарылды - Риддер

6.12.2019, 09:49 155

Риддерде "ЛК ГЭС" ЖШС құбыры жарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

6 желтоқсан күні сағат 10:38-де Риддер қаласында "ЛК ГЭС" ЖШС деривациялық құбыржолдың жарылуына байланысты Тихая өзеніне құятын ұзындығы 5 км жуық өндірістік каналға су жіберілді. Соның салдарынан каналдағы судың деңгейі бір метрге дейін көтерілді.
"ЛК ГЭС" ЖШС және қалалық ТЖБ қызметкерлері су деңгейіне мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Су электр станциясының қызметкерлері апатты жою және артық суды Громотуха өзеніне бұру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жақын маңдағы жеке тұрғын үй секторын су басу қаупі жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив