KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

6 желтоқсан. Жұлдыздар не дейді?

5.12.2019, 12:45 136

Балықтар

Өз ортаңызда беделіңіз артады. Достарыңыздың жағдайын біліп қоюды ұмытпаңыз. Бүгін қиялыңызға ерік бересіз. Бірақ қалың ойға шомып жүріп, айналаңызда болып жатқан бақытты сәттерден алыстап кетпеңіз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бүгін аттестация, емтихан секілді өмірдің кіші сынақтарынан сүрінбей өтеді. Сондықтан мұңға салынып, мойымаңыз. Біліміңізді жетілдіруге өте қолайлы күн. Кешкі мезгілде достарыңызбер бас қосып бір сергіп алыңыз.


Тауешкі

Алда күтер сәттіліктер бойыңыздағы жалқаулық пен еріншектікті жеңе білуіңізге байланысты. Достарыңыз бен жақындарыңызға қол ұшын созсаңыз, өзіңіз де қуанышқа кенелесіз.

Мерген

Бүгін сіз үшін жаңа идеялар күні. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өзіңізді орныңызды табуға көмектеседі. Достарыңыздан, құрбыларыңыздан бір сәтке ажырай тұрған жөн дейді жұлдыздар, әсіресе, қарыз беру, алыс-беріс қатынасынан қашық болыңыз.

Сарышаян

Әр ортада белсенділік танытсаңыз, жоспарлаған істеріңіз өзіңіз ойлағаннан да оңай атқарылғанына куә боласыз. Жағымсыз пікірлерге назар аудармағаныңыз жөн.

Таразы

Тәуекелге бармас бұрын ойланыңыз. Қиындық туған жағдайда, істі тағы да кейінге қалдыра тұрған жөн болар. Сыртқы келбетіңізді е өзгертуге қолайлы уақыт.

Бикеш

Қаражатыңызды жоспарлап, орнымен жұмсаңыз. Оңды-солды ақша шашу жақсылыққа апармайды.

Арыстан

Өзгенің көңілін бағамын деп жүргенде өз істеріңіз кейінге қалып қоюы мүмкін. Бірақ қапаланбаңыз. Біреуге жасаған жақсылығыңыз бүгін боламаса ертең еселеніп қайтатынын естен шығармаңыз.

Егіздер

Бүгін өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаныған жөн. Қызықты жаңалықтар, табысты танысу, маңызды кездесулер жақсылыққа жол ашады.

Торпақ

Бұл күн оқуға, жұмысқа қатысты жайларды оңынан шешуге қолайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге сенімділік жоғалтпасаңыз бәрі жақсы болады. Достарыңызбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады. Романтикалық қарым-қатынасқа, жаңа таныстыққа, шығармашылық байланысқа да қолайлы сәт туады.

Тоқты

Маңызды шешім қабылдамас бұрын ол жөнінде мол ақпарат жинап алған дұрыс. Асығыс жасалған тәуекелден беделіңізге нұқсан келуі ықтимал. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, өз-өзіңізге есеп беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив