KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Риддерде 2020 жылы жүзеге асырылатын жобалар

5.12.2019, 04:34 229

Өңірлерді дамытудың  2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасышеңберінде Риддер қаласы бойынша республикалық бюджет қаражатының трансферттері есебінен бірқатар жобалар іске асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жылы қала көшелерін реконструкциялау бойынша жоба аяқталған болатын. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 2019 жылға  221,652 млн теңге бөлінген еді.  Сондай-ақ, Риддер қаласынан Батыс Алтай табиғи қорығына дейін 6кВ электр желілері (ЭБЖ) салу бойынша жобаға осы жылы 283,193 млн теңге бөлінген. Жоба жыл аяғына дейін толық аяқталады.

Ал келер жылы қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұоу желілерін реконструкциялауға 400 млн теңге бөлінеді.  Жобаның жалпы құны 2656,656 млн теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2020 жылдар.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен 6,7-ші ықшам аудандардың магитсральды электр желілеріне 10 млн теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны – 197,585 млн теңге. Жүзеге асыру кезеңі – 2019-2020 жылдар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив