KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Ұлан ауданында 3 сүт тауарлы фермасы іске қосылады

3.12.2019, 10:39 170

Ұлан ауданында осы айда 3 сүт тауарлы фермасы қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы бүгін ШҚО Орталық коммуникациялық қызметінде өткен аудан әкімі Нұрымбет Сақатағановтың брифингі барысында айтылды.

Соңғы үш жылда аудан аумағында 5 сүт тауарлы фермасы салынып, қолданысқа берілген екен.  Ағымдағы жылы тағы 3 ферманың қайта жөндеу және құрылыс жұмыстарын аяқталды. Атап айтқанда, «Тоғанас», «Режебалиева» және «Бастау-41» сүт тауарлы фермалары. Қолданысқа енгізуі желтоқсан айына жоспарланған.

Сонымен қатар, ауданда сүт бағытындағы сиыр басын арттыру жұмыстары да жүргізілуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 26,4 мың басқа жетеді.  Ал тағы 3 ферманы қолданысқа беру нәтижесінде қосымша 400 басқа артады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив