KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

TikTok Қазақстандағы мұғалімдерге арналған конкурсты іске қосады

6.10.2022, 16:27 262
TikTok платформасы Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялайды. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.

TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.

TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндігі туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.

Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімі шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуы тиіс.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.

Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.

Үздік бейнеролик. Бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив