KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қандай жолдар жөнделді?

29.11.2019, 05:43 210

ШҚО-да жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға өткен жылы 62,3 млрд теңге бөлініп, 391 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай, Таскескен-Бақты, Осинов асуын айналып өтетін жол, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен және Қалбатау-Майқапшағай тас жолдарының учаскелерінде реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ Семей-Қарауыл (128,9 ш), Көкпекті - Самар (36 ш), Мақаншы - Жалаңашкөл (42 ш), Бородулиха - Шемонайха (30 ш).

Осы жылы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға, оның ішінде қалалар мен ауылдардағы көшелерді қоса алғанда, 21,5 млрд теңге бөлініп отыр.

Жалпы ағымдағы жылы барлығы 319 шақырым жол жөнделген. Оның ішіне облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдар кіреді:  Бородулиха - Жезкент, Семей - Қарауыл, Семей - Курчатов, Өскемен- Самар, Үлкен Нарын – Күршім тас жолдары, сонымен бірге аудандық маңызы бар кіреберіс жолдар мен қала, аудандардағы көшелердің 84 шақырымы.

Туристік инфрақұрылымды кеңейту мақсатында негізгі туристік бағыттардағы автожолдар жөнделді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив