KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да 12 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады

29.11.2019, 04:01 253

ШҚО-да 12 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, мемлекет бойынша жаңа жәрдемақыны 340 мыңнан астам көп балалы отбасы алады. Орта есеппен айтқанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңге. Шығыс Қазақстанда 12 525 отбасы жаңа жәрдемақыға қол жеткізбек. Оның ішінде, төрт баласы бар 8 мыңнан астам отбасы, бес баласы бар 3 мың отбасы, алты балалы 1 мың отбасы және жеті балалы 300 отбасы бар.

 - «Менің жеті кәмелетке толмаған балам бар. Өз атымызда баспанамыз жоқ, , жалдаймыз, әрине, қиын. Атаулы әлеуметтік көмек аламыз. Жаңа жылдан бастап көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылғандарға АӘК тен басқа кепілдендірілген әлеуметтік пакет болады деп естідім. Мемлекеттің мұндай назарына біз өте қуаныштымыз»- дейді Семей тұрғыны Раушан Ахметова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив