KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Риддерде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды

27.11.2019, 06:09 142

Биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Жаңа тұрғын үй Островский, 40 мекен-жайында орналасқан.  Оның құрылысы 2020 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Келер жылы 6-шы ықшам ауданында тағы 60 пәтерлі жалға берілетін үйдің құрылысын бастау жоспарда бар.

2021-2023 жылдарға арналған бағдарлама бойынша Л.Толстой көшесінің бойынан 4 үйдің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзір.

Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қаланың қолданыстағы бас жоспарымен ауданы 250 га болатын Ботаника 3-ші тұрғын ауданы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив