KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Ұлан ауданында бірнеше көшенің атауы ауысады

27.11.2019, 05:46 336

Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде бірнеше көшенің атауы ауысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген Ленин, Октябрьская, Ушанов, Киров, Мира, Автобазовская көшелерінің атауын өзгерту бойынша тұрғындардың ұсыныстарын тыңдау үшін жиналыс  өтті. Тұрғындар тарапынан  көшеге ұлттық танымға жақын, егемендігімізді, елдігімізді айшықтайтын атаулар беру туралы пікірлер айтылды.

Аталған ұсыныстар заң талабына сәйкес аудандық мәслихаттың келесі сессиясының қарауына енгізілетін болады.

Ленин көшесіне Абайдың есімі берілмек. Ал Ушанов көшесі - Болашақ, Октябрьская көшесі -Тәуелсіздік, Киров көшесі – Ардагер, Мира – Бейбітшілік, Автобазовская көшесі – Жүргізушілер деп ауыстырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Белогор кентіндегі идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгерту бойынша жұмыстар қолға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив