KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Омбы қарда да тоқтамайтын «Шерп» деген техника бар

25.11.2019, 09:35 130

Шығысқазақстандық құтқарушыларға жол талғамайтын техникалар табысталды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтарды табиғаттың тосын мінезі мен техногенді апаттардан қорғау мәселесіне ерекше назар аударған болатын. Осыған орай еліміздің Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстандағы гарнизонға жол талғамайтын екі «Шерп» көлігін табыстады», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Ауа райы ауыспалы, жер бедері әртүрлі аймақ үшін мұндай көліктердің аса қажет екенін алға тартқан департамент қызметкерлері Шығыс өңірінде табиғи апаттардың жиі орын алып тұратынын атап өтті. Ал арнайы дөңгелектермен жабдықталған «Шерп» көлігі 70 сантиметр қалыңдыққа дейінгі қарды оңай кешіп өте береді. Бұл құтқарушылар үшін таулы аймақта таптырмайтын техника.

Қоса кетсек, жыл сайын өрт сөндіру қызметінің құрылымдары апаттық-құтқару жұмыстарына 2000 рет шықса, оның 500-і табиғи апаттар салдарынан жоғалып кеткендерді іздестірумен байланысты шақыртулар болатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив