KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Үржар ауданында баспанасыз отбасыларға үй беріледі (Фоторепортаж)

25.11.2019, 07:58 88

Үржарда аудан әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Жан жылуы-жанұяға» атты акция «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтті. Мақсаты - аудандағы баспанасыз, пәтер жалдап тұрып жатқан көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету.

Игі іске аудан тұрғындары жаппай ат салысқан екен. Мұндай акция осыдан бір жыл бұрын да өткізілгенін естеріңізге саламыз. Ол кезде акция барысында қомақты қаражат жиналып, көпбалалы 50 анаға баспана әперілді. Оның ішінде облыстық «Парыз» қоры арқылы 20 баспана сыйға берілген еді.

Акция биыл да жалғасын тауып, баспанасыз жанжарға қолдау көрсетуге ниетті тұрғындар аудандық мәдениет үйінде бас қосқан екен. Оның ішінде аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер, аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдар, ауыл әкімдері мен аудан тұрғындары да бар.

Биылғы шара барысында 15 млн теңгеге жуық қаржы жиналып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив