KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да сұранысқа ие кадрларды даярлау үшін 1747 грант бөлінді

25.11.2019, 05:38 176

Ағымдағы жылы ШҚО-да әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында бірқатар шаралар қабылданды, деп өабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов елордамыздағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Облыстағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы уақытқа дейін 33,5 мың бала мектеп формасымен және ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 3,5 мың бала білім беру мекемелері мен балабақшаларға тегін барады екен.

Аймақта еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандардың мәселесіне де көңіл бөлінген. Бұл мәселені шешу мақсатында мұндай кадрларды даярлау үшін колледждер мен ЖОО-ларға 1747 грант бөлініп отыр. Екінші жағынан бұл мектеп бітірген түлектер үшін жақсы мүмкіндік әрі үлкен көмек десе болады. Аталмыш гранттардың көпбі техникалық мамандықтар мен денсаулық сақтау, білім беру саласына бөлінген. Оның иеленген студенттер тегін оқумен ғана емес, шәкіртақымен, тегін тамақпен және жолақымен қамтамасыз етіледі.

Облысымызда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттен көмек ретінде жағдай жасалуда. Оларға өз кәсібін ашу үшін 1277 грант тағайындалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив