KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

28.06.2022, 14:00 175

Бүгін, 8-маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Аталмыш мереке қарсаңында ШҚО әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Журналист - қоғам жанашыры, заманауи оқиғалар мен тарихи жағдайды объективті түрде қалың бұқараға жеткізе білетін өз саласының майталмандары. Күн сайын мыңдаған баспа және сюжет материалдарды таратып, еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық тынысынан халықты хабардар етуде. Көп жағдайда журналист материалы басқарушы билік имиджін қалыптастырып, көптеген түйткілді ой түйіледі. Президентіміз ұсынған "Жаңа Қазақстанда" бұқаралық ақпарат құралдарының ролі айшықталып, халық таңдауы болған тарихи процестерді салиқалы жеткізу де журналистер құзіретінде. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз ұшқыр болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді аймақ басшысы.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив