KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Даниал Ахметов Күршімге салынатын көпірге қатысты сұраққа жауап берді

22.11.2019, 09:04 90

Нұр-Сұлтан қаласында Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов республикалық БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Атамекен бизнес» арнасының тілшісі  облыс әкіміне Күршімге салынады деп  жоспарланған көпір туралы сұрақ қойды.

- Президенттің  тапсырмасын сөзсіз іске асырамыз, орындаймыз. Қазыр дайындап жатқан жобамыз бар, аз уақыттың ішінде біз өзіміздің арнайы процедурамызды өткіземіз. Менің ойымша, естуімше осы жобаға бюджеттен қаржы бөлінеді. Бірақ біз басқа да ұтымды жолдарды қарастыру үстіндеміз. Құрылысқа  сонымен қатар шетелдік инвестор тартамыз деген жоспарымыз да бар. Жұмыс екі жақты  іске асырлады. Алдымен тендерлік процедуралар өтеді,-деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив