KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көпбалалы отбасылар қамқорлыққа алынды

22.11.2019, 07:37 304

       Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, өңірде 2019 жылдың наурыз айынан бері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда.

      Көпбалалы аналарға берілетін бірреттік әлеуметтік жәрдемақы биыл екі есеге (70 мың теңгеден 140 мың теңгеге), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек үш есе артып, баспана сатып алуға арналған алғашқы жарнаны субсидиялау қолға алынды.

      Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 33,5 мың баласы тегін мектеп формасымен, сондай-ақ мектепте ыстық  тамақпен қамтамасыз етіліп, 3,5 мың бала балабақшаға тегін барады.

      Осындай отбасылардан шыққан мектеп түлектерін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін  колледждерге 7930, жоғары оқу орындарына 400 грант бөлініп, студенттер шәкіртақымен қатар тегін жол жүруге ие болып,   ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 

    Кәсіп ашып, бизнес бастауға ниетті көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1277 грант бөлу қарастырылған.

   Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтудың кезеңдік бағдарламасы қолға алынды. Бүгінгі күні 388 отбасы немесе көпбалалы отбасылар тізіміндегілердің 23 пайызы баспанаға қол жеткізді. Әсіресе  ауылдағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға назар аударылды. Соның ішінде 231 отбасы бюджеттік қаржы есебінен, 118 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан, 39-ы демеушілік көмектің нәтижесінде тұрғын үйге ие болды.

      Бағдарламаның екінші кезеңі «Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

     Алдағы 3-4 жылда кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив