KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО «ұландары» робот жасады

22.11.2019, 05:09 131

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент ішкі саясат басқармасымен және «Прогресс катализаторы» жеке қорымен бірлесе отырып, «Қазіргі жағдайда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шара «Ел тірегі» атты республикалық акция аясында ұйымдастырылған екен. Аты айтып тұрғандай, дөңгелек үстелдің басында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу төңірегінде әңгіме өрбіді.

Жиынға Қорғаныс күштерінің ардагерлері мен офицерлері, үкіметтік емес жастар ұйымдары мен жастар өзін-өзі басқару органдарының өкілдері және қаладағы жоғары оқу орындарының шәкіртері қатысқан еді. Алғашқы сөз кезегін алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, майор Ерлан Рамазанов жастарға қаратып тұщымды лебіз білдірді.

– «Жаһандану» сөзі  нақтылықтың сипатты белгісіне әлдеқашан айналып үлгерді. Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіне аяқ басқан және әлемнің ең дамығын 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтқан еліміздің үмітін арқалайтын білімді жастар қажет. Ал кейінгі буынның ұлттық құндылықтарды жете тануы өте маңызды. Бұл орайда олардың бет түзер құбыласы, үлгі тұтар тұлғасы – аға буын, яғни біз. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге ең әуелі біз жауаптымыз, – деді Ерлан Рамазанов.

Жиын барасында департаменттің ағымдағы жылы атқарған жұмысы таныстырылды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған –іс-шаралардың біріне тоқтала кетуді жөн санадық.

11-12 қазанда ішкі саясат басқармасы мен «Прогресс катализаторы» жеке қоры бірлесіп, «Ұлан» әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беру орталығында облыс әкімінің сыйлығын сарапқа салған «Айбын» VI облыстық әскери-патриоттық жиындар сайысын өткізді. Шара барасында әртүрлі байқаулар, презентациялар және спорттық-әскери жарыстар, «Айбын дауысы» вокалдық фестивалі және әскери эстафета ұйымдастырылды. Сондай-ақ "ұландықтар" IQazaqstan» зияткерлік ойынында бақ сынды. Қатысушылар үшін ең қызықты сайыс «Менің роботым» атты робототехника байқауы болғанын айта кету керек.

Байқау нәтижелері бойынша бас жүлдеге «Жас қыран» тобы (Семей қ.) ие болды. І орынға «Жас сақшы» тобы (Жарма ауданы), ІІ орынға «Айбын» тобы (Зайсан ауданы) иелік етті. Ал «Жас бүркіт» тобы (Өскемен қ.) ІІІ орынды қанағат тұтты.

          Жиын соңында ардагерлер жас буынға үлгілі, өнегелі ойларын айтып, қызықты әңгіме өрбітті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив