KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 2,3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Зайсан қаласында 4897 үй пен пәтерге газ тартылған

28.06.2022, 09:52 145

Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Тілемісов Серік Нәсіпқазыұлы 14 елді мекенде газ тарту бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ауылдық аумақтарда газ тарту мәселесі - бүгінгі күні өңірдегі ең өткір инфрақұрылымдық проблемалардың бірі болып отыр.

ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы келісім аясында "Сарыбұлақ-Зимұнай "Газ құбырын салу" және "Шығыс қазақстан облысы Зайсан ауданының елді мекендерінің шекарасына дейін АГТС және магистралды газ құбырын салу"жобалары іске асырылып жатыр.

-        Қазіргі күні Зайсан ауданы бойынша 7118 заңды тұлға, үй құрылыстары мен пәтерлердің меншік иелері газдандыру жүйесіне қосылған. Оның ішінде Зайсан қаласы бойынша - 4897 үй мен пәтер, 321 заңды тұлғалар объектісі және 9 елді мекенде - 1900 үй бар. Жобалар аяқталған соң Зайсан ауданының 20 елді мекені толығымен газдандырылады, - деп атап өтті Серік Нәсіпқазыұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив