KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Ауаны ластағаны үшін "Еңбек-Өскемен" мекемесінің жұмысы тоқтатылады

21.11.2019, 04:42 110

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінен хабарлағандай, экологиялық заңнаманың талаптарын бұза отырып, жұмыс істеген "Еңбек-Өскемен" мекемесінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылды.

Экологтардың айтуынша, кәсіпорын нормативтен тыс қалдықтарды шығарып, қоршаған ортаға залал келтірген. Сондай-ақ аталмыш мекемеге қатысты 331 және 332-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғаны анықталып отыр.

Еске салайық, қыркүйек айынан бері экологтар ауаны ластап, қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына тексеру жүргізіп келеді.

Бақ.кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив