KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Қысқа 100% дайынбыз – Семей

20.11.2019, 09:36 114

Семейге биыл қар тазалау жұмыстарына 80 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов мәлім етті.

Бөлім басшысының айтуынша қазірдің өзінде, қала жолдарын тазалау үшін 31 техника шыққан. Қала жолдарының ұзындығы - 257,3 шақырым. Жалпы жүз сексен көше бар.

-        Бізде қала бойынша 81 техника бар. Қала жолдарында сегіз құм шашқыш, жеті автогрейдер, 20 аспалы жабдығы бар трактор және шнекороторлар жұмыс істейді. Біз үш мың текше метр инертті материал, жүз тонна жанар-жағар май сатып алдық, дренаждық-нөсер кәріздері де тазартылған. Техникамыз қыстық қытымыр мінезіне жүз пайыз дайын, - дейді Серікқали Жұманов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив