Өскемен
-16°
переменная облачность ветер 1,4 м/с, ЮВ
462.36 493.48 5.99

Қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда көбірек ажырасады

28.06.2022, 08:54 22 0 Мадина Амангелдіқызы
Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда көбірек ажырасады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда былтыр 48 200 ажырасу тіркелді. Оның 34 800-ы (72,2 процент) қала тұрғындарына тиесілі.

Ажырасудың жоғары көрсеткіші ел астанасында байқалып отыр. Мұнда 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрайды. Ал ажырасу ең аз тіркелген өңір - Түркістан облысы. Мұнда 1000 адамға шаққанда 1,20 жағдай.

Ажырасу көп жағдайда ортақ баласы жоқ ерлі-зайыпты арасында тіркелген. Олардың үлесі - 60,5 процент. Ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8 процент. Кәмелетке толмаған екі және одан көп баласы барлардың арасындағы ажырасу үлесі – 18,7 процент.

Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша:


34,1 процент – 10 жылдан астам уақыт;

26,3 процент – 5-9 жыл;

21,4 процент – 2-4 жыл;

7,8 процент – 1 жылдан артық;

5,5 процент – 1 жылға дейін.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив