KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

«Worldskills Kazakhstan 2019» чемпионатында ШҚО құрамасы жеңімпаз атанды

16.11.2019, 04:18 221

«Worldskills Kazakhstan 2019» чемпионатында ШҚО командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

V Республикалық «Worldskills Kazakhstan 2019» чемпионаты қарашаның 12-14 аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен болатын. Оған еліміздің 17 аймағынан 22 жасқа дейінгі 400-ден астам маман қатысыпты. Қатысушылар WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түсті. Үміткерлердің жұмысын 500-ге жуық сарапшы бағалаған. Жалпы командалық есепте шығысқазақстандық болашақ мамандар I орынға шықты. 38 құзыреттіліктің 15-і бойынша марапат алды. Олардың тоғызы жоғары дәрежелі, төрт күміс және екі қола.

Алтын жүлде иегерлері:

1) Хорава Аполон, Әділов Нұрасыл «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері, Семей қаласы;
2) Маренков Андрей «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;
3) Ұзақов Арман «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;
4) Лобанов Никита «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;
5) Серікжанұлы Темірлан «Өндірістік автоматика» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;
6) Раисов Исажан «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;
7) Қойшыбаева Жайна «Ғаламтор заттары» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;
8. Құрманғалиев Еламан «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;
9) Қашқалдақ Әмірхан «Кірпіш қасбеті» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті.

Қоржынындағы күміс медаль иелері:

1) Безроднев Владимир «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Риддер көпсалалы колледжінің түлегі, «Казцинк» ЖШС маманы;
2) Нестеренко Павел, Такеев Азамат «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері;
3) Шынтеміров Данияр «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;
4) Тұрсынғазы Әлижан «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті.

Қола жүлде иегерлері:

1) Сайфуллин Эдуард «Электроника» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;
2) Сычугов Александр «Бояу және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті.

Жеңімпаздарды келер жылы Австрияда өтетін еуропалық чемпионат пен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі азиялық чемпионат күтіп тұр. 

Айтпақшы, ағымдағы жылы аймақтағы колледждерге 6200 грант бөлінген. Айта кететін жайт, екі бірдей жетекші техникалық колледж базасында білікті кадрларды даярлау үшін WorldSkills стандарттарына сәйкес құзыреттілік орталықтар ашылған. KazMinerals-пен бірлесіп, көп салалы технологиялар колледжінің базасында тау-кен мамандарын даярлау бойынша құзыреттілік орталығы құрылды.

«Жас маман» республикалық жобасы аясында ШҚО колледждеріне заманауи оқыту технологияларын енгізіп, жабдықтау үшін 3,2 миллиард теңге бөлінген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив